Posted on

Білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім беру: жаңа мүмкіндіктер» 3 панельдік секцияны өткізу қорытындысы

2022 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының қатысуымен жыл сайынғы білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында ТжКБ педагогтерінің 3 секциялық отырысы өтті.

Сессия жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КеАҚ қызметкерлері, ҮЕҰ, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, жұмыс берушілер, «Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдары одағы» ЗТБ, «Еуразиялық Топ» ЖШС, және барлық аймақтардың  ТжКБ ұйымдарының педагогтері мен басшылары қатарынан 800-ден астам адам қатысты.

Секциялық отырыс жұмысы ТжКБ жүйесін дамыту бойынша мемлекеттік саясат шараларына, кадрлар даярлау процесіне бизнес пен жұмыс берушілерді белсенді тартуға бағытталды, колледждер мен кәсіпорындардың тиімді өзара іс-қимылының мысалдары келтірілді.

Ашық отырыс жұмысының форматы мен тақырыбы көптеген өзекті мәселелердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік берді.

Білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумының 3-ші Панельдік секция жұмысының қорытындысы бойынша, кадр даярлаудың өзекті мәселелерін талқылай келе, отырыстың қатысушылары алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгілейтін ұсыныстар әзірледі.

ФОТО

Материалдар