Posted on

Білім көшбасшыларының Республикалық тамыз форумы аясында «Еңбек нарығы және кәсіптік білім беру: жаңа мүмкіндіктер» атты 2 панельдік секцияны өткізу қорытындысы Павлодар қ.

2022 жылғы 12 тамызда Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры – Оспанова Насымжан Жамбекқызының модераторлығымен жыл сайынғы Республикалық білім беру көшбасшыларының тамыз форумы шеңберінде ТжКБ педагогтерінің 2 секциялық отырысы өтті.
Панельдік секция жұмысының мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қарау.
Сессия жұмысына 1300-ден астам адам (off – line-350 адам, On – line-1000 адам) жұмыс берушілер, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КеАҚ, ҮЕҰ, «Атамекен» ҚР ӨКП қызметкерлері, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қатысты.
Секциялық отырыс жұмысы кадрлар даярлау процесіне бизнес пен жұмыс берушілерді белсенді тартуға бағытталды, колледждер мен кәсіпорындардың тиімді өзара іс-қимылдарының мысалдары келтірілді.
Талқылауға ашық отырыс жұмысының форматы мен тақырыбы көптеген өзекті мәселелердің мазмұнын саралауға мүмкіндік берді.
«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов бизнес-қоғамдастықтың экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың проблемалық мәселелеріне деген көзқарасын ашты. Құрылыс саласында дуалды оқытуды дамыту тәжірибесі туралы «КНАУФ ГИПС Қапшағай» ЖШС Оқу орталығының жетекшісі О.А. Сотников айтып берді. Білікті кадрларды сапалы даярлау жүйесін жетілдіру тетігі ретінде дуальді оқытуды енгізу тәжірибесі тақырыбын «КазЦинк» ЖШС персоналды оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Р.В. Дюсебаева жалғастырды. Колледждермен бірлесіп WоrldSkills корпоративтік Чемпионаттарын өткізу тәжірибесі туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өкілі ақпарат берді. Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы С.Джартыбаевтың цифрлық колледж моделі туралы баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.
Педагогтердің республикалық тамыз форумының 2 панельдік секциясының жұмыс қорытындысы бойынша кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылай отырып, отырысқа қатысушылар жұмыс үшін басым бағыттарды белгілеп, ұсынымдар әзірледі.

Материалдар жұктеу