Posted on

«ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» педагогтердің республикалық тамыз форумы шеңберінде 1 панельдік секция өткізу қорытындысы Ақтөбе қ.

2022 жылғы 9 тамызда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанованың модераторлығымен жыл сайынғы Республикалық педагогтерге арналған тамыз форумы аясында 1 секциялық отырыс өтті.

Панельдік секция жұмысының мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022 – 2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін талқылау.

Сессия жұмысына ҚР оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КЕАҚ, Білім басқармасы, ҮЕҰ, «Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерлері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының педагогтері мен ТжКБ ұйымдарының басшыларынан 1300-ден астам Off-line/on-line форматта қатысты.

Секциялық отырыс жұмысы кадрлар даярлау процесіне бизнес пен жұмыс берушілерді белсенді тартуға бағытталды, колледждер мен кәсіпорындардың тиімді өзара іс-қимылдарының үлгілері келтірілді.

Отырыс жұмысының тақырыбы көптеген өзекті мәселелердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік берді. ТжКББ жүйесінің басымдықтарына арналған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ТжКБ департаментінің директоры Н.Ж. Оспанованың баяндамасы тыңдаушылардың ерекше назарын аударды. Колледж басшылары мен әдіскерлерінің тікелей қызығушылығы кадрларды даярлау сапасын арттыру факторы ретінде ТжКБ ұйымдарының қызметін әдіснамалық сүйемелдеу туралы «Talap» КеАҚ президентінің м.а. С.М. Татибеков баяндамасында атап өтті. Еңбек нарығының сұранысына жауап беретін кадрларды даярлаудың тиімді жүйесі ретінде кәсіпорын мен колледж арасындағы әріптестік туралы «ERG сервистік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлерді жаппай іріктеу жөніндегі маманы М.Б.Әділжан және Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің директоры Б.К. Молдашева айтып берді.

Бизнес пен білім беру арасындағы тиімді серіктестік тақырыбын «Жарық» АЭМК ЖШС техникалық директоры Н. Б.Бекмұратов және Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директоры Ж.С. Мұхамбетпаизова жалғастырды. Экономиканың аграрлық секторының мамандарын бірлесіп даярлау мәселелерін «Агро – Өркен» ЖШС директоры М.Б. Есхожаев және Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің директоры А.К.Мусаев ашты. Буллингтің алдын алу және колледждерде қауіпсіз білім беру ортасын құру мәселесі туралы Еуразия технологиялық университетінің құқық профессоры Х.К.Ажигулова мазмұнды ақпарат берді.

Педагогтердің республикалық тамыз конференциясының 1 панельдік секциясы жұмысының қорытындысы бойынша кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылай отырып, отырысқа қатысушылар келесі жұмыс үшін басым бағыттарды белгілеп, ұсынымдар әзірледі.

Материалдары жұктеу