Posted on

Колледждерге халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімінен өту бойынша консультациялық-әдіснамалық қолдау көрсету үшін әріптестер іздеу (салалық аккредиттеу)

Қазақстан Республикасында 2019-2021 жылдары техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Жас маман» жобасы іске асырылды.

«Жас маман» жобасының логикалық аяқталуы ТжКБ ұйымдарының базасында халықаралық талаптарға сәйкес жұмыс істейтін құзыреттілік орталықтарын құру болып табылады.

 

 

Қазіргі уақытта «Talap» КЕАҚ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде «Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес құрылған құзыреттілік орталықтарының саны» көрсеткішіне сәйкес іс-шараны бірлесіп іске асыру үшін серіктестер іздестіруде.

Іс-шараның мақсаты – құзыреттер орталықтарының халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкестігін бағалау рәсімін жүргізу.

Жасалған меморандум/шарт шеңберіндегі бірлескен жұмыс мыналарды көздейді:

– алдын ала аудит және құзыреттілік орталығының ішкі сарапшылар тобын оқыту;

– құзыреттілік орталығының қызметкерлерін оқыту және сертификаттау;

– орталықты бағалау мен сертификаттаудың тікелей рәсімі;

-бағалау жүргізетін ұйымның шарттарына байланысты бағалаудан кейінгі мониторинг.

Техникалық және кәсіптік білім берудің бизнеспен және өндіріспен интеграциясына негізделген құзыреттілік орталықтарын бағалау ел экономикасы үшін жоғары кәсіби, қазіргі заманға сай ойлайтын қызметкерлерді даярлаудың ауқымды және кешенді міндетін шешуге ықпал ететін болады, кадрларды даярлаудың кооперативтік жүйесін енгізу үшін негізгі шарт ретінде ТжКБ ұйымдарының жұмыс берушілермен әріптестік қатынастарын орнатуға мүмкіндік береді.

Серіктестік жөніндегі ұсынысты 2022 жылғы 1 наурызға дейін info@tvet.kz электрондық мекен-жайына жолдауға болады. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 91 73 24; 8 (7172) 91 73 32.

Біз сіздердің ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.