Posted on

2016 жылдың 18 қарашада Астана қ. Radisson SAS Hotel қонақ үйінде халықаралық ұйымдар мен дипломаттық миссия басшыларымен дөңгелек үстел өтті.

1

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, оның ішінде Мектепке дейінгі және орта білім департаментіңің, Техникалық және кәсіптік білім департаментінің, Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің, Заң қызметі мен халықаралық серіктестік департаментінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігінің Білім комитетінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен дипломаттық миссия басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғарыдан кейінгі, сонымен қатар ғылым секциялары бойынша сараптамалық деңгейде серіктестік сұрақтарын талқылады. Аталған сұрақтарды талқылау барысында визалық сұрақтар секциясын құру қажеттілігі туындады. Айта кететін жайт, әрбір секцияның қатысушылары проблемаларды анықтап, аталған проблемаларды жою бойынша ұсыныстарды енгізді. Өз алдына, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ үштілді білім мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Холдингтің 10 базалық колледжіне ағылшын тілінде оқыту үшін оқытушы-волонтерларды тарту бойынша сұрақты көтерді. Қазіргі таңда British Council бірге аталған жобаны жүзеге асыру сұрақтары қарастырылуда.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті баяндама жасады. Дөңгелек үстел жұмысы соңында қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.
Дөңгелек үстел нәтижесінде ұйымдастырушылар ұсыныстарды қабылдады.