Posted on

«Жас маман» жобасы аясында құрылған «Landscape Garden» құзыреттілік орталығын ашу

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Talap» КеАҚ қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласының «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК базасында «Landscape Garden» құзыреттілік орталығын ашуға арналған іс-шараға қатысты.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, Білім басқармасының, әлеуметтік серіктестер кәсіпорындарының, БАҚ өкілдері, қала колледждерінің директорлары шақырылды.

Жаңа құзыреттілік орталығы «Жас маман»жобасы аясында сатып алынған заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Колледж қонақтары, оқытушылар мен студенттер «3 D технологиялар», «Дизайн бойынша жабдықтар», «Флористика», «Ландшафтық дизайн», «Компьютерлік технологиялар» сыныптары, жабдықтары нақты өндіріске сәйкес келетін жағдайларда білікті кадрларды даярлауды жүргізуге мүмкіндік беретін біліктілік орталығы зертханаларының жабдықталуымен танысты.