Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында «Talap» КеАҚ Стратегиялық жоспарлау, жобалар және IT – қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықты қолдау жөніндегі жоба (Central Asia Support for Stable Societies-CASSS) шеңберінде АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен «Central Asia Centre of Cooperation «IDEA» ҚҚ ұйымдастырған Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларының колледждерінде білім алушылардың өмірлік дағдыларын оқыту және кәсіптік бағдар беру жөніндегі жобаны іске асыру қорытындылары бойынша қорытынды дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, басқа министрліктер мен мемлекеттік органдардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларының қоғамдарының, серіктес колледждердің өкілдері белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар өмірлік дағдыларды оқыту, зорлық-зомбылық экстремизмі тәуекелін қоса алғанда, жастардың түрлі сыртқы тәуекел факторларына тұрақтылығын арттыру үшін студенттерге кәсіби бағдар беру және психоәлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады.