«Talap» КеАҚ колледждерді автоматтандыру шеңберінде жобаны іске асыру үшін серіктес іздеуде.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар – бұл IT-технологиялар негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және алу әдістері мен құралдары.
«Колледждерді автоматтандыру» жобасының негізгі мақсаттары:
- ТжКБ жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру;
- ТжКБ ұйымдардың қызметі туралы ашық деректерді жинау, өңдеу, сақтау және алу
- ТжКБ ұйымдарының негізгі қызметін қамтамасыз ететін процестерді автоматтандыру
Жоспарланған бөлімдер:
- Колледжге түсу үшін құжат тапсырған талапкерлерді автоматтандыру және есепке алу (Қабылдау комиссиясының деректері)
- ТжКБ жүйесі персоналдарын автоматтандыру және есепке алу;
- Оқуға қабылданған студенттерді автоматтандыру және есепке алу (жеке кабинеттері);
- Контингентті автоматтандыру және есепке алу (жеке кабинеттері);
- Электронды кітапхана;
- ТжКБ ұйымдарының web-сайты;
- Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған платформалар (әкімшілігінің логині мен паролі көрсетілген платформаға сілтеме);
- Инклюзивті оқытуды автоматтандыру;
- Құзыреттілік орталықтар туралы ақпарат.
«Колледждерді автоматтандыру» жобасын әзірлеуді бастапқы кезеңде серіктеспен бірлесіп өтеусіз негізде жүзеге асыру жоспарлануда.
Жоспарланып отырған жоба бойынша ұсыныстарыңызды 2022 жылғы 11 ақпанға дейін mnigmetzhanova@tvet.kz электрондық мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз. Қосымша ақпаратты 8-777-137-19-19 телефоны арқылы алуға болады.
Аталған жоба бойынша ұсыныстарыңыз бен толықтыруларыңыз болса ескереміз, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алығысымызды білдіреміз.