Posted on

Курсовое обучение

«Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарының қорытындысы бойынша педагогтер дайындаған практикалық кейстерді қорытынды қорғауды қабылдау және мониторингілеу үшін өңірлерде жұмыс атқаруда.
Бұл қорытынды жұмыс курс бағдарламасының модульдерін зерделеу бойынша курс тыңдаушыларының оқу нәтижелерін талқылауды қамтиды. Қорытынды сабақтар өңірлік білім басқармалары және әдістемелік кабинеттер/орталықтар қызметкерлерінің қатысуымен офлайн және онлайн форматта өтіп жатыр.
Педагогтер жеке өздерінің нормативтік талаптарға сәйкес әзірлеген құжаттарын оқу процесінде цифрлық технологияларды қолдана отырып көрсетеді. Сондай-ақ курстардың көптеген тыңдаушылары курстық оқытудың мазмұнына енгізілген жаңашылдық – кәсіпорын базасында сала бойынша тағылымдамадан өтуді көздейтін практикалық модульді атап өтті.
Колледждер ағымдағы оқу жылында академиялық дербестікті енгізіп, жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеуде. Педагогтердің көпшілігі тағылымдама кезінде кәсіпорын басшыларымен бірге әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына түзетулер енгізуге мүмкіндік алғанын атап өтті.
Тыңдаушылардан алынған кері байланыс ағымдағы жылы курстық оқытудың жаңа тәсілі колледж педагогтері үшін анағұрлым тиімді деп айтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда педагогтер теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар олар біліктері мен дағдылары күшейтілуі үшін, практикалық білімін нығайту керек.