Posted on

Қазақстанның «EuroSkills Graz 2021» халықаралық чемпионаты туралы

Ағымдағы жылдың 22 – 26 қыркүйегі аралығында Австрия Республикасының Грац қаласында EuroSkills Graz 2021 еуропалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

EuroSkills бұл – 2008 жылдан бастап WorldSkills Europe қатысушы елдерінің бірінде екі жылда бір рет өткізілетін, 23 жасқа дейінгі жастарға арналған кәсіби шеберлік бойынша Еуропадағы ең ауқымды жарыс. Алғашқы EuroSkills чемпионаты 2008 жылы Роттердамда (Нидерланды) өтті. EuroSkills чемпионаттары Еуропада кәсіби білім берудің табысты дамуына, және де өз елдері ішінде іріктеу жарыстарында жеңіске жетіп, өз алаңында түрлі елдердің кәсіптер бойынша үздік өкілдерін, сонымен қатар өндірістің түрлі салаларының халықаралық әріптестерін, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының өкілдерін жинай отырып, көптеген кәсіп саласында кәсіби шеберліктің елеулі ілгерілеуіне ықпал етеді.

Чемпионатқа Еуропаның  31  елінен 450-ден астам қатысушы мен 500-ден астам сарапшы қатысты. Чемпионат 38 негізгі және 10 демонстрациялық құзыреттілік бойынша өтті.

«EuroSkills Graz 2021» чемпионатына Қазақстан 5 құзыреттілік бойынша Ұлттық құрамасын ұсынды:

– Мехатроника (Сарапшы- Роман Марквард, Қатысушылар Бетцольд Александр, Оспанов Адиль (Семей қ. электротехникалық колледжі);

– Дәнекерлеу технологиясы (Сарапшы- Блинов Дмитрий, Қатысушы Чонекбаев Мерас (Маңғыстау техникалық колледжі, «Гранд КА» ЖШС жұмыс істейді);

– Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары (Сарапшы- Слипецкий Иван, Участник Александров Иван (Қостанай құрылыс колледжі, «БК строй» ЖШС жұмыс істейді);

– Веб-дизайн және әзірлеу (Сарапшы- Зияданова Айжан, Қатысушы Афанасьева Дина (Ақпараттық технологиялар колледжі, «Торайғыров университеті» КеАҚ студенті);

– Шаштараз өнері (Сарапшы- Абыкенова Сауле, Қатысушы Тойшыбаева Айгерим («Тамсан» академиясының түлегі және қызметкері).

Алғаш рет Халықаралық Чемпионаттың ашылу салтанатында WSE елдері алдында чемпионатқа қатысушы барлық сарапшылар атынан Қазақстан сарапшысы – Айжан  Зияданова (веб әзірлеу) ант берді.

Чемпионаттың қорытындысына сай, 11 қатысушы ел арасында Австрия, Бельгия, Эстония, Франция, Венгрия, Қазақстан, Люксембург, Латвия, Румыния, Ресей, Словакия) біздің қатысушымыз, Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің түлегі, «Торайғыров университеті» КеАҚ студенті Афанасьева Дина Темирканатовна (сарапшы – Зияданова Айжан Оразбековна) «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша үшінші жүлделі орынға ие болды. Бұл 2015 жылдан бастап халықаралық чемпионаттарға қатысқан Қазақстан Республикасы құрамасының алғашқы жүлдесі.

Афанасьева Дина Темирканатовна «Веб-әзірлеу» құзыреті бойынша Worldskills Kazakhstan-2019 республикалық чемпионатының жеңімпазы және Worldskills Kazakhstan Ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады.

2020 жылдың көктемінде Дина Үндістан, Индонезия, Финляндия, Ресей және Қазақстан сияқты елдер арасында Үндістан Республикасы ұйымдастырған First Virtual Skill Competition on Web Technologies және Second Virtual Skill Competition on Web Technologies конкурсына қатысты. Осы чемпионаттарда Дина үздік нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

Дина 2020 жылдың көктемінде Үндістан, Индонезия, Финляндия, Ресей және Қазақстан сияқты елдер арасында Үндістан Республикасы ұйымдастырған First Virtual Skill Competition on Web Technologies және Second Virtual Skill Competition on Web Technologies конкурсына қатысты. Осы чемпионатта Дина үздік нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

2020 жылдың қыркүйегінде Дина Ресей, Финляндия, Румыния, Иран, Армения, Беларусь және Қазақстан сияқты елдер қатысқан Worldskills Eurasia – 2020 қашықтан өткен чемпионатта Қазақстанды таныстырды. Бұл чемпионатта Дина тамаша өнер көрсетіп, алтын медальды иеленді.

Дина 2021 жылдың қаңтарында Дина Австрия, Нидерланды, Швеция, Франция, Бельгия, Эстония, Ресей, Финляндия, Беларусь және Қазақстан елдері қатысқан «The 1st Unofficial European Web Development Competition 2021» қашықтан өткен чемпионатта да ең жақсы өнер көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды.

Халықаралық чемпионаттарға дайындық кезінде ол өзін қабілетті, сабырлы және білім деңгейін үнемі арттырып отыратын қырынан көрсете білді. Сондай-ақ, Динаның бойынша жауапкершілік пен еңбекқорлық, кішіпейілдік пен елгезектік қасиеттері басым.