Posted on

Біліктілікті арттыру курстары

Ағымдағы аптада «Жаңа формация педагогі: кәсіби даму» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары оқыту процесінде нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша құнды ақпарат алып жатыр.

Тренер Ермекбаева Нуржамал Рассимбековна оқу сабақтары кезінде инновациялық педагогикалық технологияларды және тыңдаушылардың оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі үшін тренерлік құралдарды пайдаланады.

Әрбір модуль аяқталғаннан кейін педагогтер өздерінің практикалық жұмыстарын көрсетеді: нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану бойынша педагогтің анықтамалық картасын, педагогтің кәсіби-тұлғалық дамуының жеке траекториясы бағдарламасын әзірлейді, заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып сабақтар өткізеді, электрондық білім беру ресурстарын жасайды және педагогтің рефлексивті есебін дайындайды.

Курстық оқытудың барлық қатысушыларына жемісті жұмыс және жоғары нәтижелеріне қол жеткізуді тілейміз!