Posted on

Республикалық Чемпионат алаңдарының базасын қалыптастыру

КЕАҚ «Talap» – Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының Ұлттық операторы WorldSkills Қазақстан Бас Ассамблеясы Техникалық комитетінің хаттамасымен бекітілген құзыреттіліктер бойынша Республикалық чемпионат (хаттамадан үзінді қоса берілген) және WorldSkills Shanghai 2022 құзыреттіліктері бойынша (тізімдер қосымшада) өткізілуі мүмкін алаңдар базасын қалыптастырудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өңірлердің өтінімдерін қарау қорытындысы бойынша 2021 жылғы Республикалық чемпионатын өткізу орындары анықталады.

Іріктеудің  міндеті – өтінімдер беру және қарау кезінде еліміздің өңірлерінде WorldSkills стандарттары бойынша өз алаңдарында ауқымды кәсіби шеберлік жарыстарын қабылдау құқығына тең жағдайлар жасау.

Өтінімде өтінім беруші ұйым жүргізуге ниет білдіретін құзыреттерді, Инфрақұрылым парағы бойынша тиісті жабдықтар мен құралдардың саны мен тізбесін, өтінім берілген құзыреттілік бойынша болжанатын конкурс алаңының алаңын, сондай-ақ конкурсқа қатысушылар мен сарапшыларды орналастыру мүмкіндігін көрсету қажет.

Өтінімдер 2021 жылғы 20 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында қабылданады.

Ұйымның орналасқан жері, құзыреттіктері, конкурстық алаңның жалпы алаңы, конкурсанттар мен сарапшылар жатақханасының немесе тұратын жерінің бар-жоғы, конкурс өткізуге арналған жабдықтар мен құралдардың тізбесі мен саны туралы ақпаратты қамтитын, ұйым басшысы қол қойған еркін нысандағы өтінімдер электрондық пошталарға жіберілсін info@tvet.kz және zhturgaev@tvet.kz

Нәтижелер «Talap» КЕАҚ сайтында жарияланады.

 

Наименование компетенции
Ақпараттық кабельдік желілер
Мехатроника
CAD Инженерлік графикасы
СПБ станоктарындағы токарлық жұмыстар
Бизнеске арналған IT шешімдер
Дәнекерлеу технологиясы
Плиткамен қаптау
Сантехника және жылыту
Электроника
Веб технологиясы
Электромонтаждық жұмыстар
Кірпіш қалау
Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары
Кескіндеме және сәндік жұмыстар
Мобильді робототехника
Шаштараз өнері
Сән технологиялары
Кондитерлік іс
Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету
Аспаз ісі
Мейрамхана қызметі
Желілік және жүйелік басқару
Графикалық дизайн
Медициналық және әлеуметтік күтім
Визуалды мерчендайзинг
Прототиптеу
Наубайхана ісі
Қонақ ресепшионист
Шанақ жөндеу
Өнеркәсіптік автоматика
Флористика
Ландшафтық дизайн
Тоңазытқыш техникасы және кондиционерлеу жүйелері
Бетон жұмыстарының технологиялары
Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу
Химиялық зертхана технологиясы
Киберқауіпсіздік
Теміржол көлігі технологиялары
Индустрия 4.0
Ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM)
Су Технологиялары
Өнеркәсіптік жабдықты жөндеу және баптау
Өнеркәсіптік дизайн технологиялары
Жаңартылатын энергия
Роботталған жүйелерді біріктіру
Жүктерді экспедициялау
Мобильді қосымшаларды әзірлеу
Роботты дәнекерлеу
Жүк техникасына қызмет көрсету
СПБ станоктарында фрезерлік жұмыстар
Ағаш ұстасы
Жиһаз өндірісі
Ағаш шеберлігі ісі
Бұлттық бағдарламалау
Металл конструкцияларын өндіру
ҰҰА басқармасы
Заттар интернеті
Шатыр жұмыстары
Өнеркәсіптік дизайн

Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307