Posted on

ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ «Жаңа шындықта кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту»

2021 жылғы 17 тамызда онлайн режимде педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы шеңберінде Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің секциялық отырысының «Жаңа жағдайда кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту» пікірталас алаңы өтті.

Сессияның жұмысына 1500-ден астам адам Еуропадан (Дита Трайдас, WorldSkills Europe Президенті), Ресейден (Скорняков Алексей Андреевич, «Кәсіби шеберлікті дамыту агенттігі (WorldSkills Ресей)» Дербес Коммерциялық емес Ұйымының халықаралық бағыт бойынша департамент директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, ТжКБ ұйымдарының педагогикалық, басқарушы және өзге де қызметкерлері, WSK сарапшылары, WSK Бас Ассамблеясының техникалық және өнеркәсіптік комитеттерінің мүшелері, жұмыс берушілер өкілдері қатысты.

Сессия ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің директоры – Оспанова Насымжан Жамбекқызының модераторлығымен өтті.

Тақырыптық алаң Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдары түлектерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру үшін WorldSkills қозғалысының стейкхолдерлерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Сөз сөйлеу барысында дағдыларды дамыту үшін, оның ішінде пандемияны ескере отырып, WorldSkills құралдарын пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері айтылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан қолдау көрсетіледі және жыл сайын Қазақстанда WorlSkills қозғалысын дамыту үшін қаржыландыру бөлінеді. WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесі құрылды, оның жұмыс бағыттарының бірі бизнесті WorlSkills қозғалысын дамытуға тарту болып табылады.

Спикерлердің материалдарын мына жерден жүктеп алуға болады.