Posted on

Құрметті педагогтер!

2021 ж. 18 тамыз күні сағат 10.00-де «Talap» КЕАҚ Facebook тікелей эфирінде педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде БжҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің «Тәрбиелік орта: озық тәжірибелер мен даму стратегиясы» тақырыбында секциялық отырысы өтеді.

Модератор: ҚР Білім және ғылым министрлігі ТжКБ департаменті директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы

Спикерлер:

  1. Шер Раиса Петровна, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры.
  2. Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, республикалық «Sanaly urpaq» жобалық офисінің басшысы.
  3. Калиева Гульсара Ислам-Газиевна, «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» КЕАҚ ғылыми хатшысы, п.ғ.к.
  4. Ковязина Камила Тогубаевна, Жастар корпусын дамыту жобасын басқару тобының мониторингі және бағалау жөніндегі маманы.
  5. Жансултанов Рафаэль Гагикович, «DAI» халықаралық ұйымының Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықты қолдау жөніндегі жобаның бағдарламалық және зерттеу бағытының жетекші басшысы.
  6. Абильдина Акбота Сулеймановна, ҚР ДСМ балалар мен жастардың денсаулығын нығайту саласындағы сарапшы, жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың гендерлік және репродуктивтік білім беру мәселелері жөніндегі жаттықтырушысы.
  7. Уалкенова Динара Хамитовна, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушылардың әл-ауқаты департаментінің директоры

Қатысушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, өңірлердің білім басқармалары ТжКБ бөлімдерінің басшылары, облыстық әдістемелік кабинеттердің басшылары, оқу-әдістемелік бірлестіктердің төрағалары және олардың орынбасарлары, ТжКБ ұйымдарының директорлары және олардың орынбасарлары, ТжКБ ұйымдарының әдіскерлері, психологтар, әлеуметтік педагогтер, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, дебат клубтарының жетекшілері.