Posted on

ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ «Abilympiсs» халықаралық қозғалысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін кәсіптік бағдарлау және инклюзивті кәсіптік білім беруді дамыту құралы ретінде»

2021 жылғы 17 тамызда онлайн режимде педагог қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы шеңберінде «Abilympiсs» халықаралық қозғалысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін кәсіптік бағдарлау және инклюзивті кәсіптік білім беруді дамыту құралы ретінде» пікірталас алаңы өтті.

Сессия жұмысына Жапониядан (Тацуя Кубомура, «Abylimpics»  Халықаралық федерациясы хатшылығының басшысы, Ресей (Грибанов Игорь Николаевич, Абилимпикс ұлттық орталығының басшысы), ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Abilympiсs Kazakhstan» ҚҚ, ТжКБ ұйымдарының педагогикалық, басшы және өзге де қызметкерлерінің, жұмыс берушілердің өкілдері қатарынан 800-ден астам адам қатысты.

Сессия ҚР Білім және ғылым министрлігі ТжКББ департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанованың басшылығымен өтті.

Тақырыптық алаң «Abilympiсs» халықаралық қозғалысының стандарттары негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар арасында кәсіби дағдыларды дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Конференцияға қатысушылар ТжКБ ұйымдарында инклюзивті оқыту мәселелері талқылады, себебі қазіргі уақытта ерекше білім беру жағдайларын жасауды қажет ететін балалар саны ұлғаюда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың еңбегін әлеуметтендіру және кәсіби шеберлігін арттыру үдерісіндегі жаңа тәсілдер айтылды.

Спикерлердің материалдарын мына жерден жүктеп алуға болады.