2021 жылғы 16 тамызда онлайн режимде педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің секциялық отырысының «Жаһандық қайта құру жағдайындағы білім беру мазмұнын трансформациялау: негізгі өзгерістер мен жаңа тәсілдер» пікірталас алаңы өтті.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, ТжКБ ұйымдарының педагогикалық, басшы және өзге де қызметкерлері, жұмыс берушілер, сондай-ақ Ресей, Ирландия, Финляндия, Сингапурдан келген шетелдік серіктестер қатарынан 1000-нан астам адам қатысты.
Модератор ҚР БҒМ ТжКББ департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова болды.
Спикерлер панельдік сессия бағдарламасына сәйкес сөз сөйледі, сондай-ақ өз ұсыныстарын айтты.
Спикерлердің материалдарын осы жерден жүктеп алуға болады.