Posted on

2021 Достас Азия Чемпионатының қорытындысы

2021 жылғы 16 тамызда WorldSkills стандарттары бойынша «2021 Достас Азиялық Онлайн-чемпионатының» жабылу рәсімі өтті. Аталған чемпионатқа Қазақстан 7 құзыреттілік бойынша қатысты: веб дизайн және әзірлеу, графикалық дизайн, бизнеске арналған IT шешімдер, әуе робототехникасы (ПҰА пайдалану), мобильді робототехника, желілік және жүйелік басқару.

Достас чемпионаты онлайн режимінде азиялық кеңістіктің 10-нан астам елдерінің  қатысуымен өтті (Ресей, Қытай, Үндістан, Морокко, Жапония, Беларусь, Иран, Индонезия, Вьетнам, БАӘ, Өзбекстан, Эквадор, Корея, Филиппин және т.б.).

Жабылу салтанатына Қазақстан Республикасынан «Talap» КЕАҚ – Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының ұлттық операторы өкілдері – WorldSkills Қазақстан Техникалық Делегаты – Елнұр Омаров және WorldSkills қозғалысты дамыту басқармасының менеджері –Айсұлу Жақсылық қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан қатысушысы Дина Афанасьева 733 ұпай жинап, веб дизайн және әзірлеу құзыреттілігі бойынша үздік нәтиже көрсетті. Жарасбаева Алуа – Қазақстанның атынан қатысушысы Графикалық дизайн құзыреттілігі бойынша 735 балл жинап, екінші үздік нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушылар мен сарапшыларды онлайн-чемпионатта сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

 

SCreen-02.jpg