Posted on

Біліктілікті арттыру курстары

«Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығы колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін курстық оқытуды жалғастыруда. Оқыту барысында педагогтер ТжКБ ұйымдарында тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерді талдайды.

Курс тыңдаушылары колледждің тәрбие қызметін жетілдіру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытады, сондай-ақ ТжКБ жүйесінде         оқу-тәрбие процесін тиімді іске асыру үшін одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін алды.