«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы шетелдік сарапшыларды тарту бойынша қызметтерді көрсету тапсырмасы аясында конкурстық рәсімдерді аяқтады.
«Жас маман» жобасын іске асыру үшін шетелдік сарапшыларды тарту бойынша мемлекеттік тапсырма шеңберінде сарапшыларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының №2 конкурс қорытындысы туралы хаттамасына сәйкес, келесі шетелдік сарапшылар тартылады:
– басшылар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді қарастыратын бағдарлама бойынша тренерлерді даярлау бағытында Кабашкин Игорь Владимирович (Көлік және телекоммуникация институты, Рига, Латвия);
– педагогтер үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді қарастыратын бағдарлама бойынша тренерлерді даярлау бағытында Морев Патрик (Лиепая университеті, Лиепая, Латвия).