Posted on

EQAVET қағидаттары мен механизмдерін іске асыру бойынша Еуропалық білім беру қорының мамандарымен онлайн кездесу

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша «Talap» КеАҚ жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының қызметкерлері Еуропалық білім беру қорының сарапшыларымен онлайн режимінде кездесуге қатысты, кездесуде EQAVET принциптері мен тетіктерін Қазақстандағы ТжКБ-да білім сапасын арттыруға бағытталған жүйе ретінде іске асыру талқыланды. EQAVET бүкіл әлемге ТжКБ-да білім сапасын арттыруға бағытталған жалпы қағидаларды, эталондарды, индикаторлар мен құралдарды әзірлеуге тиімді тәсілімен танымал.

EQAVET халықаралық стандарттарын енгізу техникалық және кәсіптік білім беруде сапаны қамтамасыз етудің тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.