Posted on

«Жас маман» жобасы аясында тренерлерді оқыту

Үстіміздегі жылдың 26 ​​шілдесінде «Talap» КеАҚ жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасы «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы шетелдік сарапшыларды тарту мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі тренерлерді іріктеу, оқыту және оларды тарту ережелеріне сәйкес іріктеліп алынған тренерлерге курстық оқытуды бастады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты – тренерлердің халықаралық стандарттарды енгізу дағдылары мен қабілеттерін дамыту, «Жас маман» жобасы аясында оқыту бағдарламаларын жаңарту.