Posted on

Курстық оқыту туралы пікір

2021 жылғы 7-24 шілде аралығында «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен колледж педагогтеріне арналған «Жаңа формациядағы Педагог: кәсіби даму» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті. Бұл бағдарламаның ерекшелігі арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттерін дамыту және жетілдіру болып табылады. Жаңа білім мен практикалық материалдың құнды жүктері үшін, сондай-ақ менің жұмысымды талдауға себеп болған мотивация үшін көп рахмет. Мен не істеу керектігін,  кәсіби қызметімде нені өзгерту керектігін түсіндім. Осы курс бағдарламасының мазмұндылығы мен практикаға бағдарланғандығын, жанды диалог, толыққандылығы мен кері байланысты атап өткім келеді.

            Аталған біліктілікті арттыру курстары Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі ұқсас және аралас мамандықтар бойынша әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді, бұл ТжКБ жүйесінде кәсіптік білім беру сапасының өсуіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Менің «Дизайн (бейін бойынша)» шығармашылық мамандығының педагогы ретінде әріптестеріммен әр түрлі форматтағы: конференциялар, байқаулар, көрмелер, форумдар түрінде одан әрі ынтымақтастық және тәжірибе алмасу идеялары пайда болды.

            Осыған байланысты «Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығына және штаттан тыс тренер Нұржамал Расимбекқызы Ермекбаеваға осы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырғаны, өткізгені және әрі қарай кәсіби дамуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.

            Құрметпен, Жанар Салханова, «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» НГУО «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Петропавл қаласы.