Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқыту нәтижелеріне бағдарланған және тиісті кәсіптік стандарттардың талаптарын, сондай-ақ қазіргі заманғы еңбек нарығының сұраныстарын ескеретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу есебінен техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартуға ерекше назар аударылған.

«Talap» КЕАҚ мемлекеттік тапсырмасы аясында бекітілген кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, Жаңа кәсіптер атласын басшылыққа ала отырып, ТжКБ-ның 217 мамандығы, 642 біліктілігі бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру жұмысын аяқтады. Бұл жұмысқа 55 Оқу-әдістемелік бірлестік қатысты.

Құзыреттілікке негізделген әзірленген модульдік білім беру бағдарламаларының негізгі және қағидаттық сипаттамасы олардың мазмұнында жұмыс берушілердің қазіргі сәтте де, перспективада да болашақ мамандардың құзыреттеріне қойылатын талаптарының көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, типтік жоспарлар, алдыңғы басылымдардан айырмашылығы, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасаушыларға әлдеқайда еркіндік пен тәуелсіздік беретін етіп жасалған.

Әзірленген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары олардың негізінде оқытудың кредиттік-модульдік нысанына көшу табысты жүзеге асырылады деп үміттенуге мүмкіндік береді, оны енгізу оқытушылар жұмысының сипатын және оқу процесінің қарқындылығын елеулі түрде өзгертеді, сондай-ақ қазақстандық білім беру жүйесін халықаралық ынтымақтастық үшін ашық етеді.