Posted on

Таратылған Еуразиялық 2021 Чемпионатының Қорытындысы

2021 жылғы 23 шілдеде «WorldSkills 2021 стандарттары бойынша Таратылған Еуразиялық чемпионаттың» жабылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Иран, Қытай, Ресей және Тәжікстан өкілдері қатысты.

Өткізілген іс-шараның ерекшелігі қатысушы елдер өз сайыскерлеріне қажетті құрал-жабдықтарды ұсына отырып, алаңдарды ұйымдастырып, чемпионаттың тең ұйымдастырушысы болуы болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы чемпионатқа 11 құзыреттілік бойынша қатысты.

Жабылу салтанатына Қазақстан Республикасынан «Talap» КЕАҚ өкілдері – Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының ұлттық операторы атынан Президенттің м.а. – Санжар Татибеков, WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бастығы – Ринат Гасимов және WorldSkills Қазақстан Техникалық Делегаты – Елнұр Омаров қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Құрамасы 2 күміс және 5 қола медальға ие болды.