Posted on

WorldSkills Kazakhstan халықаралық сарапшыларын ағылшын тіліне оқыту

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының EuroSkills Graz 2021 чемпионатына (22-26 қыркүйек) қатысуына дайындық шеңберінде КЕАҚ «Talap» WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасымен WorldSkills Kazakhstan бес халықаралық сарапшыларын ағылшын тіліне оқыту жүргізіліп жатыр.

Оқыту барысында сарапшылар WorldSkills International және WorldSkills Europe нормативтік талаптарын, регламенттерін талдау арқылы құзыреттер ерекшелігі бойынша техникалық терминологияны меңгерумен қатар ағылшын тілінің ауызекі сөйлеу тілінің грамматикалық негіздерін зерделейді, сондай-ақ WorldSkills халықаралық чемпионаттарынан техникалық сипаттамалар мен құзыреттер тапсырмаларын талдайды және кәсіби коммуникация дағдыларын дамытады.

 Бұл кезеңде WorldSkills Kazakhstan халықаралық сарапшыларын ағылшын тіліндегі мәдениетаралық қарым-қатынас нормаларымен таныстыру жүріп жатыр.