Posted on

Педагогтердің біліктілігін арттыру

Қазақстандағы заманауи тілдік білім беру үшін CLIL технологиясы белгілі бір дәрежеде инновациялық болып көрінеді. Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) – студенттерді шет тілі арқылы бейіндік пәндерге оқытудың бірегей тәсілі (шет тілі арқылы мазмұнын оқыту), сондай-ақ пәннің өзі арқылы шет тілін оқыту (шет тілін мазмұны арқылы оқыту) ретінде қарастыруға болатын оқытудың жаңа әдістемесі.

         Бұл әдіс педагогикалық қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырады. Content and Language Integrated Learning (бұдан әрі – CLIL), Task-based Learning and Teaching (бұдан әрі – TBLT) әдістемелерін және сабақты жоспарлау моделін қолдана отырып, пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту үшін білім беру ұйымдары педагогтерінің оқыту процесінің сапасын арттыру, кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін ағымдағы жылдың 21 шілдесі мен 30 шілдесі аралығында «Talap» КЕАҚ BOPPPS сабақты жоспарлау моделі колледждердің бағдарлама бойынша «CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделін қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту» 25 педагогіне курс өткізеді. Курс тыңдаушыларына одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін жемісті оқу тілейміз.

         Курстарға өтінімді https://goo.su/5xH сілтемесі арқылы жібере аласыздар. Қосымша ақпаратты 8 /7172/ 91 73 46, 8 /775/ 480 72 33 телефондары арқылы алуға болады.