Posted on

Колледж басшылары ТжКБ-дағы менеджмент бойынша білім алуда

 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудегі  менеджмент» бағдарламасы бойынша тәжірибеге бағытталған курстық оқытудың бірінші аптасы аяқталды.

Курс 4 модульден тұрады, олардың әрқайсысын арнайы таңдалған сарапшы тренерлер жүргізеді. 2021 жылғы 12-30 шілде аралығында «Talap» КЕАҚ 4 штаттан тыс тренерлері А.А.Джалилов, С.С.Анарбекова, Д.Е.Төлеубаев, В.Б.Бекесова Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі колледждердің 22 басшыларын оқытуда.

Бағдарлама экономиканың түрлі салаларының білікті мамандарын сапалы даярлау үшін білім беру ұйымын басқарудың жаңа модульдерін игеру арқылы басшылардың және олардың орынбасарларының басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру негізінде ТжКБ ұйымын басқару процесінің тиімділігін және сапасын арттыруға бағытталған.

Тыңдаушыларымызға сәттілік және жемісті оқу тілейміз!

Курстарға өтінім беру үшін https://goo.su/5xH сілтемесіне өтіңіз.

Қосымша кеңес алу үшін бізге 8 /7172/ 91 73 46, 8 /775/ 480 72 33 телефондары арқылы хабарласыңыз.