Posted on

Дуальды білім беру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру

«Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жұмыстарын жалғастыруда.

Осы аптада 21 педагог «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі дуальды оқыту» бағдарламасы бойынша курстық оқудан өтуде.

Курстық оқыту шеңберінде тренермен бірлескен жұмыс барысында педагогтер Қазақстанда дуальды оқыту жүйесін енгізу мен іске асыруды реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттаманы зерделейді, дуальды оқыту бойынша өздерінің кәсіби құзыреттерін өзектендіреді және дуальды оқыту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Тыңдаушыларымызға жемісті оқу мен кәсіби даму тілейміз!

Курстарға өтінім беру үшін https://goo.su/5xH сілтемесіне өтіңіз.

Қосымша кеңес алу үшін бізге 8 /7172/ 91 73 46, 8 /775/ 480 72 33 телефондары арқылы хабарласыңыз.