Posted on

Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру

Қазіргі уақытта ТжКБ жүйесіндегі басты мәселелердің бірі инклюзивті білім беруді дамыту болып табылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың саны өсіп келе жатқанын атап өтті. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірде-бір елде инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда бірыңғай формат немесе тәсіл жоқ. Бұл бағыт педагогке өзінің әлеуетін толық ашуға және оқытудың әртүрлі әдістері мен формаларымен әртүрлі бағыттарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дәл осы мәселе «Talap» КЕАҚ ұйымдастыратын ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне арналған курстық оқыту бағдарламасында қарастырылады.

Курстарды ағымдағы жылдың 19 шілдесінен бастау жоспарланып отыр. Курстарға өтінімді https://goo.su/5xH сілтемесі арқылы жібере аласыздар. Қосымша ақпаратты 8 /7172/ 91 73 46, 8 /775/ 480 72 33 телефондары арқылы алуға болады.