Posted on

«Жас Маман» жобасы шеңберінде тренерлерді оқыту және одан әрі біліктілікті арттыру курстарын өткізуге тарту үшін конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен өткен тренерлер тізімі

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік білім беруді (бұдан әрі – ТжКБ) жаңартуға бағытталған «Жас Маман» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындауда.

«Жас Маман» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы шетелдік сарапшыларды тарту шеңберіндегі мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі тренерлерді іріктеу, оқыту және оларды тарту ережелеріне сәйкес (бұдан әрі – Ереже) конкурстық іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, бірінші кезеңінен өткен тренерлердің тізімін жариялайды.

Екінші кезеңде Ережеге сәйкес тренерлермен сұхбаттасу жүргізіледі. Өткізу мерзімі тренерлерге жеке хабарланады.

Тренерлер тізімі

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға қоңырау шалыңыз: 8 (7172) 91 73 24; 91 73 06; 91-73-32; 91 73 07.