Posted on

«Қазақстан Республикасының жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атласы» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында жүргізілетін болады

«Тalap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Әбдіманап Бектұрғанов және «BTS Education» ЖШС бас директоры Саясат Нұрбекқол өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Меморандумның басты мақсаты «Қазақстан Республикасының жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атласы» жобасы аясында жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту бойынша «Тalap» КЕАҚ пен «BTS Education» компаниясының бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру болып табылады.

 «Тalap» КЕАҚ және «BTS Education» алдағы ынтымақтастықтың құндылығын ескере отырып, осы құжатқа қол қою жаһандану жағдайында елдің адами ресурстарының, сондай-ақ мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Ынтымақтастық барысында бірқатар іс-шаралар жоспарланған, атап айтқанда:

  • алдағы 2022-2025 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту кезінде жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласының нәтижелерін қолдану;
  • Атлас блогандағы «Future Skills» құзіреттіліктері бойынша WorldSkills чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу;
  • мамандар даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Тalap» КЕАҚ, «BTS Education» және ТжКБ ұйымдарының әлеуметтік серіктестері арасында қарым – қатынасты орнату;
  • Педагогтердің қатарынан кәсіптік бағдарлаушыларды оқытуды ұйымдастыру.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу және ТжКБ саласындағы басқа да жобаларды іске асыру жоспарлануда.