Posted on

«Жас Маман» жобасы шеңберінде  тренерлерді оқыту және одан әрі біліктілікті арттыру курстарын өткізуге тарту үшін конкурстық іріктеу туралы

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) техникалық және кәсіптік білім беруді (бұдан әрі – ТжКБ) жаңартуға бағытталған «Жас Маман» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындауда.

Осыған байланысты, Жоба шеңберінде  тренерлерді оқыту және одан әрі біліктілікті арттыру курстарын өткізуге тарту үшін конкурстық іріктеуді жүргізетіндігін хабарлайды.

Тренерлерді іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы шетелдік сарапшыларды тарту шеңберіндегі мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі тренерлерді іріктеу, оқыту және оларды тарту ережелерімен ( бұдан әрі – Ереже) танысуы керек. ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖҮКТЕУ

Тренерлерді іріктеуге қатысуға өтінімдерді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган (аймақтан кемінде 4), ТжКБ ұйымдары, білім беру қызметтерін ұсынатын кәсіпорындардың басшылары, білім беру қызметтерін көрсететін жеке тұлғалар келесі электрондық нысандағы құжаттар тізімін қоса бере отырып ұсынады:

1)  Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түйіндеме;

2)  жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмелері;

3)  осы ұйымдағы еңбек өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама;

4)  соңғы 2 жылдағы біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы Қоғамның берген сертификаттардың көшірмелері;

5)  тренинг/коучинг саласындағы қосымша білім туралы куәліктің/сертификатттың көшірмелері;

6)  Elementary деңгейден төмен емес ағылшын тілін білу туралы сертификаттардың көшірмелері;

7)  тағылымдамадан өту туралы құжаттарының көшірмелері (бар болса);

8) ТжКБ ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге арналған оқу-әдістемелік материалдардың және оқулықтардың,  құралдардың авторлығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

9)  Ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынысы (тек білім беру мекемелерінде және облыстардың оқу бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінде жұмыс істейтіндер үшін), ТжКБ ұйымының басшысынан немесе білім беру қызметін көрсететін кәсіпорынның басшысынан ұсыным, білім беру қызметін ұсынатын жеке тұлғалар ұсыным бермейді;

10) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес Қоғамның курстарында оқып болғаннан кейін ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне біліктілік арттыру курстарын, семинарларды міндетті түрде өткізуге келісім беру туралы өтініш;

11) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне қосымша оқытуға және/немесе семинарлар өткізуге келісім туралы өтініш

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға қоңырау шалыңыз: 8 (7172) 91 73 24; 91 73 06; 91-73-32; 91 73 07.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, info@tvet.kz электронды мекен-жайына «Жас маман-Тренерлерді таңдау» белгісімен 22.06.2021 жылға дейін жіберу қажет.