Posted on

Мемлекеттік емес колледждермен жұмыс

«Talap» КЕАҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының, білім беруді жаңғырту орталығының және ТжКБ мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде жеке колледждер педагогтерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ сұранысқа ие бағдарламалар мен олардың оқыту нәтижелері қаралды. Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы педагогтерді курстық оқытуды жүзеге асыру механизмі туралы түсінік берді, қарастырылып отырған бағдарламаларға, оқыту форматына және курс тренерлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Ақмарал Рахметоллақызы ТжКБ жүйесіне инновациялық өзгерістер енгізуге байланысты мемлекеттік колледждер педагогтерімен қатар жеке колледждер педагоготерін де оқыту қажеттілігі туралы атап өтті. «Talap» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Бимендина Әсима Темкенқызы талапкерлерді қабылдау, колледждердің академиялық дербестігі және педагогтерді курстық оқытуға қатысты ТжКБ ұйымдары басшыларының алдына қойылған міндеттер туралы айтып берді.

Педагогтерді курстық оқыту бойынша ақпаратты 8/7172/91-73-46, 8/771/773 99 54 телефондары арқылы алуға болады.