Posted on

Үздіктердің үздігі!

Үздік даму тәжірибесін анықтау және тарату, сондай-ақ ТжКБ педагогтері үшін курстық оқытудың инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында штаттан тыс тренерлер арасында өткізілген «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренердің үздік авторлық бағдарламасы» байқауы аяқталды.

Бұл байқауда жеңіске жетудің шешуші шарттары – педагогтердің кәсіби дамуының өзекті мәселелерін түсіну және оларға сәйкес педагогикалық шеберлікті дамытуға ықпал ететін біліктілікті арттыру тақырыптарын анықтау болды.

Конкурс ең перспективті және табысты тренерлерге педагогтерге арналған курстық оқыту үшін тиімді білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпалын тигізетін өздерінің авторлық бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік берді.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Диплом иегерлері:

I-дәрежелі: «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Терновая Ольга Валерьевна мен Қостанай қ. «Жітіқара политехникалық колледжі» директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Тайжанова Айна Қазиевна құрамындағы ұжымдық жұмыс – «Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жұмысын ұйымдастыру жүйесін басқару» бағдарламасы;

II-дәрежелі: Қарағанды облысы «Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖМҚБ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулеубаев Данияр Ергалиұлы – «Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім: ұлттық бірегейлікті сақтай отырып әлемдік практикамен үндестіру» бағдарламасы;

III-дәрежелі: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «Құрылыс және технологиялар колледжі» КМҚК директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сембаева Ася Кенжебекқызы мен оқытушы Хасенова Айжан Маратқызы құрамындағы ұжымдық жұмыс – «Кембридждің 7 модулді идеяларды техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру мекемелерінің оқу процесіне енгізу» бағдарламасы.

Номинанттар:

  • «Басқару жүйесіндегі тиімді шешімдер» номинациясы бойынша Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Мира Климовна Есетова мен Жанна Джанбаевна Шатаякова құрамындағы ұжымдық жұмыс – «ТжКБ жүйесіндегі менеджерлердің басқару құзыреттілігі» бағдарламасы;
  • «Педагогтің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруда ерекше стилі» номинациясы бойынша «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» ШЖҚ МКК әдіскері Ескалиева Салтанат Бақытқызы – «Заманауи мамандарды дайындаудағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі» бағдарламасы;
  • «Электрондық білім беру ресурстарды жасақтауда өзіндік тәсіл» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы «Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Капашева Шынар Марксовна – «Педагогтің цифрлық сауаттылығы. Электрондық курстар мен электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу» бағдарламасы.
  • «Steam-білім берудің көпсалалы тәсілін іздеудегі бастамашылық» номинациясы бойынша «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК оқытушысы Төлегенов Еркебұлан Нұрланұлы және «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы Сейчанова Динара Габитовна құрамындағы ұжымдық жұмыс – «ТжКБ білім беру жүйесіндегі Ste(a)m-технологиялар компоненттері» бағдарламасы.

Барлық қатысушылар байқауға қатысқандығын растайтын сертификаттарын алады.

Диплом (скачать)

Номинация (скачать)

Сертификат (скачать)