Posted on

Халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша оқыту семинары

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде «Talap» КеАҚ жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасы «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» және «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» бағыттары бойынша мамандар даярлауды жүргізетін ТжКБ ұйымдарының педагогтері үшін онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде шетелдік серіктес ұсынған 54 білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейтін педагогтерге тәжірибелік, әдіснамалық көмек көрсету.

Семинарға «Жас маман» жобасына қатысушы ТжКБ ұйымдарының басшылары, әдіскерлері мен оқытушылары, сондай-ақ өңірлердің білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің мамандары мен әдістемелік кабинеттерінің қызметкерлерінен 150-ден астам адам қатысты.