Posted on

WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясы

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының онлайн отырысы өтті.

Бас Ассамблеяның отырысына WorldSkills Kazakhstan Стратегиялық комитетінің, Техникалық комитетінің және Өнеркәсіптік комитетінің мүшелері қатысты.

Талқылау тақырыптары: WorldSkills Kazakhstan стратегиялық дамуы, сараптамалық қоғамдастықты дамыту, өңірлік чемпионаттарды өткізу тәжірибесі және AgroSkills-ті дамыту және т.б.

WorldSkills Kazakhstan жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.

Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз, өйткені WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.