Posted on

Еуропалық білім беру қорының «Жеке сектордың Орталық Азияда кәсіптік білім беру мен оқыту және дағдыларды дамытуға қатысуы» тақырыбындағы онлайн-семинары

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс шеңберінде ү.ж. 15 сәуірінде «Talap» КеАҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының қызметкерлері Еуропалық білім беру қоры (ЕБҚ) ұйымдастырған «Орталық Азияда кәсіптік білім беру мен оқыту және дағдыларды дамытуға жеке сектордың қатысуы» тақырыбындағы семинарына қатысты.

Семинар жұмысы шеңберінде жұмысшы кадрларды даярлау жүйесінде мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды, нақты экономика секторының кәсіптік білім беруге қатысуының озық тәжірибелерінің бірқатар халықаралық мысалдары қаралды.