Posted on

Халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша оқыту семинары

Үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде «Жас маман» жобасы аясында «Talap» КеАҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасы Маңғыстау облысының ТжКБ жүйесінің педагогтеріне арналған онлайн-форматта оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – «Жас маман» жобасы аясында шетелдік серіктес ұсынған 54 білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейтін педагогтерге практикалық, әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға аймақтың «Жас маман» жобасына қатысатын 10 ТжКБ ұйымдарынан 30-дан астам қызметкерлер қатысты, соның ішінде басшылар, әдіскерлер мен оқытушылар, сонымен қатар аймақтық білім басқармасының ТжКБ бөлімінің қызметкерлері және әдістемелік кабинеттің қызметкерлері.