Posted on

Тренерлерді оқыту

Кәсіби құзыреттер мен тренерлік дағдыларды жетілдіру мақсатында «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлерді оқытуды бастады.

«Тренердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» бағдарламасы бойынша оқыту үдерісінде тренерлер ТжКБ жүйесінің инновациялық дамуы кезіндегі педагогтердің біліктілігін арттыру ерекшеліктерін, каскадты әдіспен оқыту кезінде тренердің қызметін қарастырады және белсенді оқыту әдістерін зерделейді. Сондай-ақ, 36-сағаттық курс кезінде презентациялық дағдыларды пысықтауды және тренерлік құралдарды өзектендіруді көздейді.

Штаттан тыс тренерлерімізге кәсіби дағдыларын дамытуда сәттілік тілейміз.