Posted on

WSK БА Техникалық комитеттінің отырысы

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «Talap» КЕАҚ-ның WorldSkills қозғалысын дамыту Басқармасының қызметкерлері WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының техникалық комитетінің отырысына қатысты.

Жиынында WorldSkills Kazakhstan 2021 Республикалық чемпионаты өткізілетін құзыреттіліктер тізбесі бекітілді, «СББ бар станоктардағы токарлық жұмыстар»  құзыреттілігі бойынша бас сарапшыны сайлау өткізілді, EDUWSK жүйесін толтыру және WorldSkills Kazakhstan 2021 Республикалық чемпионатына қатысу үшін сайыскерлер мен сарапшылардың кандидатураларын ұсыну мерзімдері анықталды.