Posted on

Халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша оқыту семинары

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «Жас маман» жобасы аясында «Talap» КәАҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасы Алматы облысының ТжКБ жүйесінің педагогтеріне арналған онлайн-форматта оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – «Жас маман» жобасы аясында шетелдік серіктес ұсынған 54 білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейтін педагогтерге практикалық, әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға Ақмола облысының «Жас маман» жобасына қатысатын 10 ТжКБ ұйымдарынан 30 ден астам қызметкерлер қатысты, оның ішінде басшылар, әдіскерлер мен оқытушылар, сонымен қатар аймақтық білім басқармасының ТжКБ бөлімінің қызметкерлері және әдістемелік кабинеттің қызметкерлері.