Posted on

«Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерінің «Үздік авторлық бағдарламасы» байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Педагогтерді курстық оқытудың білім беру бағдарламаларын әзірлеудің үздік практикасын анықтау және тарату, сондай-ақ инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында «Talap» КЕАҚ ТжКБ жүйесі педагогтеріне арналған ең үздік авторлық бағдарлама байқауын өткізеді.

Байқауға қатысушылар – Қоғамның штаттан тыс тренерлері.

Байқауға қатысу – ақысыз.

Конкурсқа қатысу үшін штаттан тыс тренерлер келесі құжаттарды 2021 жылдың 5-18 сәуірі аралығында talap_2021@list.ru электронды поштасына жібереді:

  • қатысуға өтініш;
  • бағдарлама;
  • бағдарламаның аннотациясы;
  • бағдарламаның презентациясы.

Материалдар бір архивке жинақталып, қатысушы аты-жөні мен аймағын көрсете отырып, жіберіледі.

Конкурстың негізгі шарттарын толығырақ оның Ережесін жүктеу арқылы білуге болады.

Барлық сұрақтар бойынша Қоғамның педагогикалық шеберлік орталығының бас тренері Абилова Клара Булатқызына хабарласуға болады – тел. 8/7172 / 91-73-28, 8/775 / 763-18-02.