Posted on

Біліктілікті арттыру курстары

«Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығы ағымдағы аптада Алматы қаласындағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің               20 педагогтеріне арналған техникалық және кәсіптік білімді  тұрақты жетілдіру мақсатында «ТжКБ ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Курс тренері Боранбаева Гульфайрус Нурсапаевна студенттің жеке білім беру траекториясының құрылымын, кредиттік-модульдік оқыту технологиясы негізінде студенттің оқу жетістіктерін бағалау рәсімін түсіндірді.