Posted on

«Геологиялық барлау саласын жаңғырту жағдайында мамандар даярлаудың негізгі басымдығы ретінде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбында Республикалық онлайн-семинарын өткізді.

2021 жылғы 30 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Талап» КЕАҚ-ның қолдауымен, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігімен Семей қ. Геологиялық барлау колледжінің базасында колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін «Геологиялық барлау саласын жаңғырту жағдайында мамандар даярлаудың негізгі басымдығы ретінде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбында Республикалық онлайн-семинарын өткізді.

Семинар жұмысы барысында жер қойнауын пайдалануда пайдаланылатын ақпараттық технологияларды оқыту процесіне енгізу, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде AutoCAD автоматтандырылған жобалау жүйесін пайдалану, кен денелерін модельдеу кезінде Micromine МГАЖ қолдану және т. б. мәселелер қаралды.

Семинар жұмысына ТжКБ жүйесі оқу орындарының және шетелдік әріпестердің 40-тан астам өкілдері қатысты.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.