2021 жылғы 30 наурызда «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасы «Жас кәсіпқойлар «кәсіби қоғамдастықтар мен жұмысшы кадрларды дамыту агенттігі» (WorldSkills Russia) одағының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде WorldSkills қозғалысын дамыту шеңберінде Қазақстан мен Ресейдің 2021 жылға арналған ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының 2021 жылғы Үйлестірілген Еуразиялық чемпионатқа, 2021 жылғы WorldSkills Russia Ұлттық финалына, сондай-ақ Hi-Tech және Urban Skills чемпионаттарына қатысуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларды сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту кезінде WorldSkills Kazakhstan және WorldSkills Russia құзыреттіліктерінің Қос паспортын алу мүмкіндігімен екі жақты ынтымақтастық талқыланды.