Posted on

Біліктілікті арттыру курстары

Бүгінгі таңда білікті мамандарды даярлау білім беруде инновацияларды талап етеді. Сұранысқа ие тәсілдердің бірі әртүрлі бағыттағы кадрларды даярлау үшін оқытудағы модульдік-құзыреттілік тәсіл болып табылады.

Сондықтан «Talap» КЕАҚ  Педагогикалық шеберлік орталығы ағымдағы аптада «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы» колледждерінің педагогтері үшін «Модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру жағдайында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.