Posted on

Бүгін «Talap» КЕАҚ-ның Facebook парақшасында тікелей эфирде QUIZ форматындағы демо-интеллектуалды викторина өткізілді.

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне IT-технологияларды және оқу үрдісінде қашықтан білім беру технологияларын қолдану туралы әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлері Касенова Айша Амангелдіқызы, Абдығапаров Әсет Мерекеұлы және Шамшиметов Зуфар Фархатұлы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Әріптестер QUIZ форматында интеллектуалды викторинаны педагогтермен оффлайн, онлайн және қашықтан жұмыс режимінде өткізу әдістемесін көрсетіп, сонымен қатар онлайн іс-шараларды өткізуге арналған техникалық жабдықтар туралы әңгімеледі.