Posted on

«Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту

2021 жылдың 30 наурызында «Talap» КЕАҚ-ның  Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасы «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде шетелдік серіктес Soprano Group (Финляндия) ұсынған білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар жобасын талқылау бойынша онлайн – режимде вебинар өткізді.

Талқылауға ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің қызметкерлері және ТжКБ ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты.

Вебинар жұмысының қорытындысы бойынша фин кәсіптік білім беру тәжірибесін Қазақстанның ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне «Жас маман» жобасы шеңберінде енгізу бойынша жақсы ұсыныстар алынды.