Posted on

Біліктілікті арттыру курсы

ТжКБ жүйесінің педагогтеріне студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейін технологиялық өлшеуіштерін құрастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Talap» КеАҚ «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстарын өткізді.

Курстық оқыту тренері Азиз Авдунович Джалиловтан тындаушылар келесідей өзекті сұрақтарға жауап  алды:

  • Бағалау процедурасы ТжКБ жүйесінде қалай жүргізіледі?
  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

Курс қатысушылары ұсынылған материалдың сапасын жоғары бағалап, курстан кейінгі сүйемелдеу мәселелері бойынша Қоғаммен әрі қарай ынтымақтастық туралы өз пікірлерін білдірді.

Біліктілікті арттыру курстарында «Talap» КеАҚ Педагогикалық шеберлік орталығымен ТжКБ педагогтерінің алдында тұрған көптеген өндірістік тапсырмаларды орындауға арналған нақты құралдар ұсынылады.