Posted on

Кәсіптік білім беру мен оқытудағы озық тәжірибе орталықтары техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың негізі ретінде» тақырыбындағы семинар

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс шеңберінде ү.ж. 11-12 наурызда «Talap» КЕАҚ жобалар және әлеуметтік әріптестік басқармасының қызметкерлері «Кәсіптік білім беру мен оқытудағы озық тәжірибе орталықтары техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың негізі ретінде» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинарды Еуропалық білім беру қоры (ЕБҚ) ТжКБ-дағы озық тәжірибе орталықтарының халықаралық желісінің мүшелері болып табылатын колледждерге арнап ұйымдастырды.

Бұл желіге еліміздің бес колледжі кірген, олар «Жас Маман» жобасына қатысушы «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі», «Ақсу қара металлургия колледжі», «ASTANA POLYTECHNIC Жоғары колледжі», «Шығыс Қазақстан облысының Электр техникалық колледжі», сонымен қатар «APEC PetroTechnic Жоғары колледжі».

Семинар жұмысы шеңберінде кәсіптік білім беру мен оқыту жүйесін дамытдың келешегі, ТжКБ ұйымдарының практикасына жұмыс орнында оқыту нысандары мен әдістерін енгізудегі орталықтардың рөлі талқыланды.